Русский Сайттың толық нұсқасы

200 үйдің кілті табысталды, 700 үй салынып жатыр

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2024
  • 304

Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасылар жаңа үйлерге қоныстануын жалғастыруда. Петропавл қаласындағы «Бірлік» шағын ауданы жаңа тұрғындармен толықты. Бүгінгі таңда, су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 700 үйдің құрылысы жоспарланып, 200 жаңа тұрғын үй кілттері табыс етілді.

 Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа Бірлік шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлердің құрылыс барысымен танысты. Сәйкесінше, министр зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу жөніндегі жұмыстармен, тұрғын үйлердің жай-күйімен, келтірілген залалдың нәтижелерімен және қажетті қосымша құрылыс жұмыстарын барлап қайтты.

 ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 3 993 объектіге техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:

700 үй салу - 200 аяқталды;

1329 үй сатып алу - 836 сатып алынды;

 1964 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу - 1001 аяқталды.