Қызылжар өңірінде жаңбыр толастамай жауып жатыр. Соңғы үш аптаның ішінде екі айдың нормасы жауған. Облыстың оңтүстік бөлігінде жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болса, орталық және солтүстік аймағында күнара жаңбыр тұр. Синоптиктер мұны Каспий теңізінен келген алып циклонмен байланыстырып отыр. Мамандары айтуынша, теріскейліктер әлі бірнеше апта жаңбырдан көз ашпайды.
Наталия ЛЕВИНА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі циклон өте тегеурінді. Мәселен, шілденің бесі күні Тимиряз ауылында 106 милиметр жауын шашын жауған. Бұл бір айлық нормадан бір жарым есе көп. Жаз басталғалы біздің облыстан үш циклон өтті. Қазір төртіншісі қалыптасып жатыр. Әзірге тамыздың жетісіне дейін жаңбыр жауады. Одан кейін белгісіз.