Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте «Нұр Отан» партиясы қайырымдылық акциясын өткізді

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2017
  • 2987

Шымкентте «Нұр Отан» партиясының өкілдері  балаларға базарлық жасады. Бұл игі шара Алғыс айту күніне орай өтті. «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балғындарына сыйлықтар табысталды. Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлімжан Құртаев, қамқорлық жасау дәстүрі жас буынның үлкенге құрметін қалыптастырады, дейді. «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасында, отбасы - қоғамдағы құндылықтарды сақтаудың маңызды институты, деп атап көрсетілгені белгілі. Ал болашақтың тұтқасын ұстар жас буынға артылар сенім жүгі ауқымды.

Әлімжан Құртаев, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Бұл енді балаларымыз - ертеңгі болашағымыз. Осы азаматтардан ертеңгі «Нұр Отанның» лидерлері, «Нұр Отанның» алдыңғы қатарлы мүшелері өсіп шығады деп сенеміз. Балалардың болашағына үлкен табыстар тілейміз.