Автобустар мен жедел жәрдем көліктері жаңа құрылғылармен жабдықталмақ. Яғни жол ережесін бұзу фактілерін тіркейтін автоматпен. Бұл туралы әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді. Сондай-ақ жол сақшыларының жасырын патрульдеуі де заңды деді. Айтуынша, жолда полицияның тұруы жүргізушілерді тәртіпке келтіріп, апаттар санын азайтады.
Қайсар СҰЛТАНБАЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жол ережелерін бұзуды автоматты тіркейтін 24 мыңнан астам камера орнатылған. Ол жол ережелерін бұзудың 70 пайызына дейін анықтап отыр. Жедел жәрдем көліктерін, қоғамдық көліктерді, сондай-ақ полицияның түсті-графикалық бояуы мен жарқылдауық маяктары жоқ автокөліктерді автоматты тіркеу жүйелерімен жабдықтауды ұсынамыз.