Екі күнге созылған «KOSTANAY INVESTMENT 2024» форумында шетел мен еліміздің бизнес өкілдері өңірдің инвестициялық әлеуетін талқыға салды. Қостанай облысы ивесторлар үшін қолайлы өңір. Соңғы екі жылда бір миллиард АҚШ долларын құрайтын инвестиция тартылған. Қазір астықты аймақта 1400 шетел кәсіпорыны жұмыс істеп жатыр.
Құмар АҚСАҚАЛОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту үшін біз өндірістік, көліктік және сервистік инфрақұрылымды жетілдіруді жалғастырамыз. Біздің өңір инвестициялар үшін кең перспективалар ашылады.Бүгінгі форум табысты инвестициялық жобалар мен жемісті жұмыстың ортасына айналады деп сенемін.
Форум барысында өңірдегі бос кен орындары шоғырланған бірегей минералды шикізат базасы таныстырылды. Шикізатты қайта өңдеуге бағытталған 3 ірі жобаны іске асыру жоспары айтылды.
Қырмызы ЖАҢБЫРШИНА, «ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК» АҚ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ:
Алыс жақын шетелден келген, өзіміздің отандық инвесторлар бәрі осы жерде бас қосып, бір –біріне тиімді болатындай шарттар жасасып, сол шарттардың пайдасы біздің экономикамызға өзінің үлесін, өзінің пайдасын әкелетін болады.
Қуан ЕСҚАЙЫРОВ, КӘСІПКЕР:
Бүгінгі форумда күшті бизнес жаттықтырушылар болды.Солармен кездесіп.Айтқанын тыңдап.Көптеген сұрақ-жуауптар пайда болды. Және де сол сұрақтардың жауабын осы Қостанай форумын жиі өткізу арқылы табуға болады.
«QAZAQGAZ» Ұлттық компания өкілдері Ақтөбе облысынан тартылатын магистралды газ құбырының құрылысы жайлы баяндап, құны 1 миллиард АҚШ доллары болатын игі жобаның межелі мақсатын жеткізді.
Акбар ТӨЛЕГЕНОВ, «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл ірі жобаны Катар инвесторымен бірлесіп жүзеге асырғалы отырмыз. Қазіргі таңда Қостанай облысындағы магистралды газ құбырының ұзындығы 190 шақырым .Ал жоба жүзеге асқан кезде 300 шақырымға жетеді. Сөйтіп біз өңірдегі жаңадан бой көтеріп жатқан кәсіпорындар мен түрлі нысандарды көгілдір отынмен қамтамасыз етіп, газ тапшылығына төтеп береміз.
Инвестициялық форум - өңір өнеркәсібін өрге дамытуға серпін беріп отыр. Мәселен былтыр KIA корпорациясы Қостанайда зауыт салуға келісті.Келесі жылы алғашқы көлік шығарылады. Агроөндіріс кешенінде де келелі жобалар жүзеге асып жатыр. Құрылыс саласы да қарқынды. Кейінгі екі жылда 1 миллион шаршы метр баспана қолданысқа берілді. Ал форум аясында құрылысы басталған «Астана» мен «Бәйтерек» шағын ауданы аймақтағы ең ауқымды жоба болмақ.