Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәріс қызы Олимпиадада әлемдік жаңа рекорд тіркеді

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2024
  • 216

Садақ атудан өткен іріктеуде кореялық Си Хён Лим Париждегі Олимпиадада алғашқы рекордты жасады. Ол 72 рет атып, 694 ұпай жинады. Осылайша жаңа рекорд тіркеді.

Бұған дейінгі рекорд Кан Че Ёнға (ол да кәріс қызы) тиесілі болатын. Ол 2019 жылы 692 ұпай жинаған.

Айта кетейік, Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты ертең Сена өзенінде өтеді. Қазақстаннан Олимпиадаға 80 спортшы қатысады. Ашылу салтанатында Қазақстанның Туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова көтеріп шығады,- деп хабарлайды  Massaget.kz тілшісі.