Дзюдодан Париж Олимпиадасының жеребесі тартылып, қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары:
Ерлер
60 келі: Елдос Сметов - Торнике Чакадуа (Нидерланд)
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев- Давид Гарсия Торне (Испания)
73 келі: Данияр Шамшаев - Мұроджон Юлдашев (Өзбекстан)
81 келі: Абылайхан Жұбаназар (екінші айналым) - Атилла Унгвари (Венгрия)
100 келі: Нұрлыхан Шархан - Тома Никифоров (Бельгия)
Әйелдер
48 келі: Әбиба Әбужақынова - Шира Ришони (Израиль)
63 келі: Эсмигуль Куюлова - Лубьяна Пиовесана (Австрия)
+78 келі: Камила Берліқаш - Адиясурен Амарсайхан (Моңғолия)
Алғаш болып татамиге Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова шығады.