Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада балконнан секірген көп балалы ананың көз жұмғаны расталды

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2024
  • 377

Астанада 1990 жылы туған 5 баланың анасы балконнан секіріп кеткен. Оның көз жұмғанын денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Биыл 23 шілдеде А. Бектұров, 3 мекен-жайы бойынша жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды. ЖМК бригадасының келуімен үйдің ауласынан қыздың мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, қыз жоғарғы қабаттардан құлаған. Ол өмірге сәйкес келмейтін жарақаттардан қайтыс болды. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді», - деп хабарлайды Астана денсаулық сақтау басқармасы.

Көп балалы әйелдің құлағанын осыған дейін Астана қаласының полиция департаменті растаған еді.

«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының негізінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.