Русский Сайттың толық нұсқасы

Телефон алаяқтары Астанадағы жалдамалы пәтерді пайдаланған

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2024
  • 274

Телефон алаяқтары өздерінің заңсыз әрекеттерін Астанадағы жалдамалы пәтерлерде жүзеге асырып келген. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларында виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған GSM-box аппаратурасын желіге қосқан Қызылорда облысының тұрғындары анықталды.

Бұл жабдық арқылы алаяқтар өздерін банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, қоңырау шалған. Олардың күнделікті табысы кем дегенде 45 мың теңге.

Полиция қызметкерлері 230 SIM-картаға, 4 ұялы телефонға, банк карталарына және флэш-карталарға арналған слоттары бар GSM-box аппаратурасын тәркіледі.

Қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандардың әрекетінен зардап шеккендер анықталды.