Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда "Таза Қазақстан" акциясы аясында "Алматы жазы" экологиялық эстафетасы өтуде

Алматыда "Таза Қазақстан" акциясы аясында "Алматы жазы" экологиялық эстафетасы өтуде. Іс-шара әртүрлі жастағы спортшылар мен салауатты өмір салтын ұстанатындарды біріктірді. Экоэстафета пунктерінің бірі Наурызбай ауданындағы қорғандар кешені болды. Зиялы қауым қаланың этномәдени орталықтарының маңын ретке келтірді.

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сақ қорғандары бұлар біздің сонау бірнеше мың жыл бұрынғы ежелгі қазақтың тарихынан хабар беретұғын, бұның әрбір тасын шертіп қалсаң біздің тарихымыз сөйлейтұғын өте киелі қасиетті қастерлі орындар. Сондықтан бұл орындарды біз таза сақтау бүліндірмеу және келешек ұрпаққа мынау міне біздің ата бабамыздан келе жатқан бір жәдігерліктің орындары деп лайықты етіп көрсететіндей дәрежеге жеткізуіміз керек қой.

Экоэстафетаны қабылдаған Алмалы ауданы Мұқағали Мақатаев атындағы скверде ашық экологиялық сабақтар өткізді. Тіпті танымал әншілер мен әртістер де бұл іс-шараға қатысып, барша қазақстандықтарды табиғатты таза ұстауға шақырды.

Айкерім ҚАЛМҰРАТОВА, АКТРИСА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ, ПРОДЮСЕР:

Таза Қазақстан деп бүгін бірігіп отырған жайымыз бар. Өте керемет акцияның бірі деймін. Себебі, Алматының көркеюі, өсуі жастардың қолында. Тек қана жастардың емес әрине, өзіміздің аға әпкелеріміздің қолында. Өйткені таза қала болса әрине өмір сүруде таза болады, жүруіміз де, тыныс алуымыз да сол себепті осы барша алматылықтарды, барша Қазақстандықтарды Таза Қазақстан деп бірігуімізге шақырамын.