5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жамбы ату сайысында алтын алған қазақстандық спортшыға елордадан пәтер кілті табысталады. Екінші орынға көлік, ал үшінші орын алған спортшы қомақты қаржылай сыйлыққа ие болмақ. Аталған сайысқа 30 мемлекеттен 74 спортшы қатысады деп күтілуде. Бұл додада Қазақстанның бәсекелесі - Маңғолия, Франция, Сауд Арабиясы және Болгария мемлекеті. Қазір еліміздің 8 спортшысы ат үстіндегі сайысқа қызу дайындық жүргізіп жатыр.
Елнұр ИСАҚҰЛ, ҚР ЖАМБЫ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Қазақстаннан да 4 спортшы қатысады. Ол 4 спортшымыздың 1-уі нақтыланды. Қалған үш орынға іріктеу жарысы өтеді 8-тамыз күні. Сонан кейін Ұлттық құрамамыздың жарысқа қатысатын толық құрамды жариялайтын боламыз. Ал дайындық мәселесіне келгенде біз кеңейтілген құрамда сол 4 ғана спортшы емес, 8 бізде спортшыны былтырдан бері тоқтамай дайындап келе жатырмыз. Жыл басынан бері қара, ақпан айынан бері қарай оқу-жаттығу жиындары үзбей өткізіліп келе жатыр.