Русский Сайттың толық нұсқасы

Пәтерінің есігін қағып, қашып кеткен: Алматыда екі баланы соққыға жыққан ер адам сотталды

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2024
  • 281

Алматы қаласы Әуезов аудандық соты кәмелетке толмаған екі баланы ұрып-соққан күдіктіге қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Соттың мәліметінше, 2024 жылдың 23 шілдесінде кешкі уақытта кәмелетке толмаған жәбірленушілер айыпталушы Н-ның пәтерінің есігін қаққан. Үй иесі есікті ашқанда, олар қашуға тырысып, лифтке қарай жүгірген. Сотталушы олардың соңынан қуып жетіп, лифтте жәбірленушілердің аяқтарына соққы жасаған.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.

“Сот үкімімен Н кінәлі деп танылып, оған 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Жазаны тағайындау кезінде, сот сотталушының кінәсін мойындауын, жасаған әрекетіне өкінуін, бұрын соттылығының болмауын жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді. Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ”, – делінген сот хабарламасында. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.