ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институтының ұлттық деректер орталығының мәліметтері бойынша, Қостанай облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2024 жылы 27 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 09: 54-те (Гринвич уақыты бойынша - 04:54) Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым қашықтықта сейсмикалық факт тіркелді.
Жер сілкнісі ошағының координаттары: 52.81 градус солтүстік ендік, 63.28 градус шығыс бойлық.
Магнитудасы - mb=3.9.
Энергетикалық класы - К=9.4.
Аймақ тұрғындары үшін жер сілкінісі қаншалықты сезілгені туралы мәлімет жоқ.