Русский Сайттың толық нұсқасы

Байқоңырда пайдалануға жарамсыз нысандарды жою жобасы іске асырылуда

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2017
  • 3590

Баңқоңырда пайдаланылмай тұрған нысандырды жою жобасы басталды. Бұл туралы біздің арнаға «Инфракос» мемлекеттік кәсіпорнының директоры Мағауия Ажмолдаев айтты. 95 нысанды жою жоспарланған. Олардың 66-сы «Роскосмостың», қалғандары Байқоңыр қаласы әкімдігінің балансындағы ғимараттар. Жиырма бес жылдан бері пайдаланылмай тұрған нысандар есептен шығарылып, жұмыстар басталып та кеткен. Утилизацияға 570 миллион теңге жұмсалмақ. Оның жартысын «Инфракос» кәсіпорны үнемделген қаражат есебінен бөледі. Қалғанын "Роскосмос" қаржыландырмақ. Жұмысты 1-ші маусымға дейін аяқтау жоспарланған.

Мағауия Ажмолдаев, «Инфракос» РМК бас директоры:

Тазарту, бөлшектеу кезінде екінші рет пайдалануға жарамды деген құрылыс материалдарын саудалауға құқылымыз. Сондықтан оларды жеке адамдарға немесе компанияларға сатып, өткіземіз. Әкімдікпен келісім бар, олар қалдықтарды бөгеттерді бекітуге пайдаланбақ. Қатты қалдықтар полигонына тек жарамсыз қоқыстарды жібереміз.

Жалпы «Байқоныр» кешенінде 381 нысан апатты, әрі адам өміріне қауіпті деп танылған. Кәсіпорын басшысы олардың барлығы кезең-кезеңімен жойылатынын жеткізді. 

Шарипа САҚТАПОВА