Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтарға eGov.kz уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін екені ескертілді

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2024
  • 267

Қазақстандықтар бүгін түнде "ҰАТ" АҚ қарасты сайттарға уақытша кіре алмауы мүмкін. Бұл туралы eGov.kz Telegram-дағы арнасында хабарлады. 

"Құрметті пайдаланушылар! Біз өз қызметтеріміз бен жобаларымызды үнемі жетілдіріп отырамыз. Тұрақты жаңартулар қызметтер мен жобаларды сізге ыңғайлы етуге көмектеседі. Осыған байланысты, 2024 жылғы 27 шілде сағат 21:00-ден 2024 жылғы 28 шілде сағат 07:00-ге дейін "ҰАТ" АҚ сүйемелдейтін жобалар уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін", - делінген хабарда.