Алматы облысында Үлкен Алматы шатқалында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қалалық құтқару қызметімен бірлесіп екі туристті құтқарып, таудан түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жасөспірімдер 14-16 жаста. Олар тауға шығып, адасып кеткен. Өздігінен түсе алмай, көмек сұрап 112-ге жүгінді.
"Туристерге медициналық көмек қажет болмады. Төтенше жағдайлар министрлігі тауда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды", - делінген ведомство хабарламасында.