Русский Сайттың толық нұсқасы

Нариман Құрбанов алдағы финалға қатысты ойын бөлісті

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2024
  • 345

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасында бақ сынап жатқан Нариман Құрбанов іріктеу кезеңіндегі көрсеткішіне баға беріп, алдағы финалға қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды olympic.kz.

Тұтқалы ат снарядынан іріктеу қорытындысы бойынша Курбанов 15.000 ұпаймен финалға жолдама алды. 

"Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысудамын. Әдетте, жарыс кезінде жүйкеме қатты күш түсетін. Бұл жолы ортаға шықтым да, бар өнерімді еш алаңсыз көрсеттім. Маған бәрі Олимпиада кезінде қатты қобалжу болатынын айтқан. Бірақ менің еш қобалжымай, қолымды көтеріп, комбинацияны бір деммен орындап шыққаным ұнады. Уақыт кішкене созылып кеткені бар. Себебі, телекөрсетілімге байланысты алдымен қытайлықты, сосын украиналықты күтуге тура келді. Осы сәт қана аздап жүйкеге тиді. Десе де, мен өз жаттығуымды ойдағыдай орындадым. Тек соңындағы бір элементті орындамай, комбинация қиындық тұрғысынан сәл ақсады. Әрине, бұл жайт көңілімді түсірді. Себебі, осы элементті алып тастап-ақ, финалға шығатыныңды сезетін психологиялық сәт еді. Мен қандай жағдай болса да элементті алып тастамауым керек еді. Іріктеу ме, финал ма, Олимпиада ма, Қазақстан чемпионаты ма - бәрібір. Ортаға шық та, бар дайындығыңды көрсет. Комбинациядан элементтерді алып тастаған қынжылтады. Бірақ маған 15 ұпай қойыпты, қуанып қалдым", - дейді Құрбанов.