Русский Сайттың толық нұсқасы

Ердоған қолын сүймеген 5 жасар баланың бетінен шапалақпен ұрып жіберді

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2024
  • 434

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған қолын сүймеген бес жасар баланың бетінен шапалақ ұрып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл оқиға "Айдер үстіртін қорғау және жаңарту жобасы, апатты үйлердің кілтін тапсыру және жаппай ашылу рәсімінде" орын алған. Бұл туралы Gerçek Haberci порталы хабарлады. 

Түріктерде дәстүр бойынша кішілер үлкендердің қолын сүйіп, құрметін көрсетеді. Түркияның Ризе қаласындағы ашылу салтанатында балалар президенттің қолынан сыйлық алу үшін сахнаға шықты. Ердоған сахнаға шыққан бес жасар балаға сүю үшін қолын созады, алайда бала оның қолын сүймей, абдырап тұрып қалады. Түркия президенті оның бетінен шапалақпен қағып, қолын сүюі керегін ымдайды. Содан кейін ғана бала президенттің қолын сүйіп, Ердоған оның қолына ақша ұстатады. Видеода бес жасар баладан кейін ересектеу бала келіп президентті құшақтап алғанын көруге болады. 

Ердоғанның бұл әрекетіне қатысты халықтың пікірі екіге бөлінді. Бір тобы президенттің балаға жасаған ескертуі тым қатал болғанын айтса, екінші бір топ халықтың дәстүріне балаларға үйретуді президенттен үйрену керегін алға тартады.