Русский Сайттың толық нұсқасы

Париж-2024: Садақ атудан Қазақстан құрамасы Италиядан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2024
  • 208

Садақ атудан Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасының ширек финалына шыға алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының 1/8 финалында бақ сынап, жеңіліске ұшырады. Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко бастаған садақшыларымыз Италия құрамасына қарсы ойнап, негізгі уақытта 4:4 есебімен тең түсті. Ал қосымша уақытта Италия құрамасы жеңісті жұлып алып, ширек финалға жолдама алды.