Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында мотоцикл басқарған жасөспірім түйеге соқтығысып, қайтыс болды

Атырау облысында мотоцикл тізгіндеген жасөспірім қайтыс болды. Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылының 13 жасар тұрғыны мотоцикл көлігімен түйеге соқтығысқан. Өкінішке орай, дене жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазір қылмыстың іс тіркеліп, кешенді тергеу басталған. Айта кетейік, жыл басынан бері жасөспірімдердің қатысуымен 96 жол-көлік оқиғасы орын алған. Оның ішінде кәлемелетке толмай көлік тізгіндеген 3 жасөспірім көз жұмды.