Алматыда Бостандық ауданына қарасты «Арай» тұрғын үй кешенінде 3 жасар бала 13-ші қабаттан абайсызда құлап кетті. Өкінішке қарай, дәрігерлер бөбектің жанын аман сақтап қала алмады. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталмыш дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалып, істің толық мән-жайы анықталуда.