Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада жеке тұрғын үй жарылып, 4 жасөспірім зардап шекті

Қызылордада жеке тұрғын үй жарылып, 4 жасөспірім зардап шекті. Олар Қармақшы ауданынан қыдырып келген. Қазір жансақтау бөлімінде ем алып жатыр.

Олжас ҚҰРБАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Күлемдері 50 пайыздан жоғары. 50-60-70 пайыз шамасында. Жарақаттары терең. Өміріне қауіп жоғары. Өйткені үлкен балалар күйікті көтеру өте қиын болады жасы кіші балаларға қарағанда.

Мамандардың алдын ала болжамы бойынша жарылыс газдың жылыстауынан орын алған.

Нұрсұлтан ИБРАГИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Оқиқаға сәйкес қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 292-нің 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, анықталып. Басында қазіргі таңда департаменттің анықтау саласы мен өрт зертханасы жұмыс жасауда