Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр

Атырау қаласы маңындағы каналда балық шабақтары қырылып жатыр. Әлеуметтік желіге жарияланған видеодан жүздеген су маржанының қалқып жүргенін анық көруге болады.

Бірнеше бөлікке бөлініп, труба арқылы ағып жатқан канал бойында өлген балық шабағын санау мүмкін емес. Канал бойы қоқысқа толы. Шіріп жатыр. Қарғалы мекені тұрғындары балық шабақтары өлексесін екі күн бұрын байқаған. Шіріген иіс отырғызбайды,- дейді.

Сәрсенбай ТАҢЖАРЫҚ, ТҰРҒЫН:

Каналды кеңейтті ғой, 2-3 болды қазғандарына 3-4 күн болды тіпті .Содан кейін балықтар қырылып жатыр. ТЭЦтан шығып жатқан су ғой. Бұрын болған жоқ,

Алайда Жылу электр орталығы өкілдері өздеріне қатысты канал бойын толық шолып шыққанын айтып, бізге еш қатысы жоқ,- деп мәлімдеді. Тұрғындар дабылынан соң ғана Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы комиссия құрып, оқиға орнына барды. Айтуларынша, су температурасы +35 градус. Олар қырылған балық шабағы саны мен неден өлгенін тексермек. Егер қандай да бір кәсіпорынға қатысты болса, тиісті шара қолданамыз деп отыр.