Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жұмыстың қиынын бітіріп, оңайы қалған кезде жалақымызды бермей отыр", - жұмысшы

Сау адамды жынды қылып бітті. Таразда облыстық психикалық денсаулық орталығын күрделі жөндеуден өткізіп жатқан жұмысшылар осылай деп шу шығарды. Айтуларынша, 2 айдан бері айлық алмаған.

Айман ҚАЗАҚБАЕВА, ЖҰМЫСШЫ:

Бермейді! Кеше айтты, қолыңнан келгенді істеп ал! Бар баратын жеріңе – деп. Мен 2.8 млн тг беріп тұрмын деп. Оны кімге жеткіземін. 33 адамым бар! 2 айда менің алғаным 35-ақ мың өзімнің. Қалғанын елге бөліп беремін. Бригадамен жұмыс істеймін мен. Жеті жарым сантиметрден сылақ сыладым. Мені мазақ қылады. Менің үстімдегі жемпірімнің өзі 2 млн деп.

Гүлнәр СМАЙЫЛОВА,  ЖҰМЫСШЫ:

Істеген откостардың бәрін минусовать етіп жатыр. Жұмыстан кейін келіп істеп жатырмыз. Түнделетіп істеп жатырмыз. Бұл жақта мысалы қанша черновой ауыр жұмыс. Істетіп алды да ең оңайына келген кезде обьектіден шығыңдар дейді.

Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығын күрделі жөндеуден өткізуге жалпы 1.7 млрд теңге қаралыпты. Биылға 609 млн теңгесі бөлінген.

Серік ЖЕТІБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Ол жұмысты келісім шарт бойынша қыркүйек айына дейін бітіруі тиіс. 182 млн беріліп, бірақ ол жұмыстардың құжаттарын өткізген жоқ.

Бас мердігер жөндеу жұмысын қосалқы мердігерге берген. Олар келісім шартсыз жұмысшылар жалдаған.