Тілсіз жаудың пайда болу себептері анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жеке тұрғын үйлердің бірінде 80 шаршы метр алаңда өрт пайда болды.
Өрт сөндірушілердің күшімен өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
ТЖМ қала тұрғындарынан өрт орын алған кезде «112» немесе «101» нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.