«АЭС салу өнеркәсіп саласын дамытып, қосымша жұмыс көзін ашуға мүмкіндік береді.» Қызылордада өткен жария талқылауда мамандар осылай деді. Айтуларынша стартегиялық нысан экологиялық жағынан өте тиімді. Сонымен қатар еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін де арттырады дейді сарапшылар. Қатысушылар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Көпшілік өндіріс орнының қоршаған ортаға әсері, радиацияның таралуы алаңдататынын жасырмады. Ғалымдар қауіпсіздік мәселесі бірінші орында екенін айтуда. Кемі 60 жыл тоқтаусыз қызмет ететін мұндай АЭС-ның барлық жағынан тиімділігін әлемдік тәжірибеде дәлелденген дейді мамандар. Дегенмен бұл жобаны жүзеге асыру мәселесі күзде өтетін ұлттық референдумда белгілі болмақ.
Саябек САХИЕВ, ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
Ешқандай АЭС атом бомбасы сияқты жарылмайды. Екіншіден Фукусимадағы, Чернобылдағы АЭС олар бір контурлы болатын. Ал Қазақстанның таңдап отырған АЭС су, су екі контурлы. Қазір жұмыс жасап тұрған 440-тан астам АЭС-ның 200-ден астамы су, су энергетикалық реакторы