Русский Сайттың толық нұсқасы

Тамызда 21 жайлы мектеп ашылады

2026 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа форматтағы 369 мектеп салу жоспарлануда. Білім ордалары 740 мың оқушыны қамтиды. Бүгінде 217 мектеп бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Алғашқы нысандар, тіпті, белгіленген мерзімінен бұрын аяқталып, іске қосылмақ. Осылайша биылғы оқу жылы басталғанға дейін 21 жайлы мектеп есігін айқара ашады.

«SAMRUK-KAZYNA CONSTRUCTION» АҚ:

Жайлы мектептер озық STEM - зертханалары, робототехника кабинеттері, хореографиялық залдар және демалыс аймақтармен жабдықталады. Ерекше балаларға арналған пандустар, лифт пен инклюзивті білім беру кабинеттері қарастырылады. Жайлы мектептердің ауданы кәдімгі жалпы білім беретін мектептердің көлемінен 15-20%-ға, ал техникалық жабдықталуы 4 есеге артады.