Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жыл сайын елімізде жол апатынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 19 мың адам жарақат алады",- ІІМ

Жыл сайын елімізде жол апатынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 19 мың адам жарақат алады. Бұл туралы үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. Ол оған көбіне жолдың сапасыздығы себеп дейді. Бұған байланысты 3500 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Алайда мәселе мұнымен шешілмей отырғанын айтты.

Ержан СӘДЕНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Алматы-Екатеринбург трассасының жөнделіп жатқан учаскесінде 2 апта ішінде 3 жол-көлік оқиғасы болды. Онда тоғыз адам қазақ тауып, 14 адам жарақат алды, Ақтөбе облысында бір шұңқырдың кесірінен 2 жол апаты болып, 4 адам зардап шегіп, 1 адам қазақ тапты. Мұндаң фактілер әр аймақта бар.

Биыл жол ережесін бұзу 58%-ға, қарсы жолаққа шығу деректері 70%-ға, ұсталған «мас»жүргізушілердің саны 15%-ға өскен. Ал өлімнің төрттен бірі – жаяу жүргіншілермен байланысты болып отыр. Әсіресе көрсеткіш Маңғыстау, Алматы, Қызылорда облыстарында жоғары. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұған да инфрақұрылымның нашарлығы себеп болып отыр деді.

Ержан СӘДЕНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Қалаларда жол ережелерін бұзуды тіркейтін 24 мыңнан астам автоматты камера орнатылды. Патрульдік автокөліктерді бұзушылықтарды тіркейтін жүйелерімен жабдықтаудамыз. Бүгін осындай жүйелердімаршруттық автобустар, жедел жәрдем және мемлекеттік автокөліктерге орнату мәселелері пысықталуда.

Сондай-ақ, министр автомектептерді ішкі істер министрлігіне қайтаруды сұрады. Сонда ғана толық бақылауды күшейтуге мүмкіндік аламыз деді. Бұдан өзге, үкімет басшысы мопедке байланысты жол апаты жиілегеніне алаңдаушылық білдірді. Жыл басынан бері мопед тізгіндеген 27 адам қазақ тапқан. Ішкі істер министрі енді барлық мопедтер тіркеуге алынады деді.

Ержан СӘДЕНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Қазір заң жобасы Сенатта жатыр. Біз оны күтпестен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда 39 мың жүргізуші анықталып, тәртіптік жазаға тартылды. Оның ішінде кәмелетке толмаған 202 адам бар. Олардың ата-аналары жауапқа тартылды. Ал айыппұл тұрақтарына 5 мыңнан астам мопед қамалды. Бұл жұмыстарды жалғастырамыз.

Қара жолдағы қаза қаншама отбасын қара жамылдырып отыр. Сондықтан үкімет басшысы жолдағы ережелерді қатаң бақылауға алуды тапсырды. Керек жағдайда, бейнебақылау камераларын көбейтіп, патрульдік бақылауды күшейтуді тапсырды.

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Жол қауіпсіздігіне қатысты жағдай халықтың орынды наразылығын тудырады. Тек биылғы жылдың басынан бері азаматтарымыздан жол қозғалысына қатысты 50 мыңнан астам шағым келіп түсті.

Сонымен қатар Олжас Бектенов техникалық тексеру орталықтарының жұмысын жөнге келтіретін уақыт жеткенін айтты. Өйткені техникалық қызмет көрсету орталықтары бас пайдасын ғана ойлап, жұмыс істейді деді. Жауапты министрлік бұған байланысты оңтайлы шешім іздеуі қажет деп тапсырды.