Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде жаз басталғалы 102 адам суға батып кетті

Елімізде шомылу маусымы басталғаннан бері 102 адам суға кетті. Оның 35-і бала. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Ақылбек Ахметжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, демалушылардың суға батып кетуіне көп жағдайда өз күшін асыра бағалау, балаларды қараусыз қалдыру және мас күйінде шомылау себеп болып отыр. Жалпы, соңғы 10 жылда екі мыңнан астам адам суға кеткен. Сондай-ақ жыл басынан бері су айдындарын тексеру кезінде 250 адам тілсіз жаудан құтқарылды. Оның 63-і бала.

Ақылбек АХМЕТЖАНОВ, ҚР ТЖМ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Суға батып қайтыс болғандардың 85 пайызы рұқсат етілмеген, қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген су көздерінде орын алып отыр. Бүгінгі таңда елімізде 85 мыңнан астам өзен мен 48 мың көл бар, оларда әкімдердің шешімдерімен 708 рұқсат етілген және 5 мыңға жуық шомылуға тыйым салынған орындар бекітілген. Барлық тыйым салынған учаскелер ескерту белгілерімен жабдықталған, мұндай жерлерде шомылған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.