Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық оқушылар химиядан халықаралық олимпиадада топ жарды

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен 56-шы химиядан халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Жарысқа 90 елден келген 300-ден астам оқушы қатысты. Дүниежүзілік ең беделді топ-7 білім бәйгесінде қазақстандық құрама команданың барлық 4 мүшесі жүлделі орындарды иеленді. Жеңімпаздар қатарында Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары да бар. Кирилл Ким тұғырлы бірінші орыннан көрініп, алтын медаль иеленсе, Абылай Кабдулхадыр күміс жүлдені қанжығасына байлады. Бүгін оларды Астана әуежайында туғандары мен оқытушылары салтанатты түрде қарсы алды.

Абылай КАБДУЛХАДЫР, IChO-2024 КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ:

Мен үшін олимпиада қиын болды. Себебі теоретикалық та, практикалық та тапсырма өте әртүрлі болды. Бірінші практикалық тапсырма болды. Соны бес сағат шығардық. Екі тапсырма болды.

Кирилл КИМ, IChO-2024 АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕРІ:

Осындай ірі көлемдегі халықаралық олимпиадаға алғаш рет қатыстым. Мен бұған екі жыл тыңғылықты дайындалдым. Болашағымды биохимиямен байланыстрғым келеді. Жеңіске жеткен оқушыларға еліміздің жоғары оқу орындарына конкурстан тыс грантпен оқуға түсуге мүмкіндік берілетіні қуантады.