Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстандағы стихиялық жағажайлар бақылауға алынады

Елдің шығысында құтқарушылар жағажайларға келушілерге ескерту жасаудан шаршап ол жерді абаттандыруды ұйғарды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында "AMANAT" партиясының мүшелері мен еріктілері 85 қаптан астам қоқыс жинады. Санитарлық дәрігерлер су сынамасын алып, төтеншеліктер мен полиция қызметкерлері кезекшілік бекеттерін орнатты.

Индира НҰРЖАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біздің қалада Суға түсетін орын жоқ. Балаларды ешқайда апара алмайсың. Мен балаларыммен таңертең жаттығамын. Қалаға жақын ештеңе жоқ. Бізге ойын, жаттығу алаңын жасап берсе дейміз.

Эльдар БАТЫРХАНҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мұнда су жылы. Табиғаты да әдемі. Енді демалуға арналған орындықтар, кәуап пісіретін орындар жасап, жағажайды қоршаса, құтқару мұнарасы мен қоқыс жәшіктерін орнатса керемет болар еді.

Демалыс орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым толық қарастырылмаған. Қауіпті жерге тыйым салу да маңызды.

Ермек КӨШЕРБАЕВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бұл жерлерді бір ретке келтіру керек. Бұқтырма секілді демалыс орындарына баруға әркімнің мүмкіндігі бола бермейді. Біз тұрғындардың қауіпсіз және жайлы ортада демалуына жағдай жасайтын боламыз.

Сонымен қатар, қалада жаңа өзен турлары мен қайық станциясын ашу жоспарлануда.