Самал-2 ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірінің шатыры түтіндеп жатқаны туралы полицияға хабар келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, ақпарат түскен бойда оқиға орнына "Буран-227" және "Буран-236" патрульдік жасақтары бірден жетті.
"Жағдайды көзбен көрген патрульдік қызметкерлер үйдің шатырына шығып, өрт сөндірушілер келгенге дейін мұржадан шығарылған түтінді жою шараларын қабылдады. Ғимарат көппәтерлі, халық тығыз орналасқан, сондықтан инспекторлар бірінші кезекте тұрғындардың қауіпсіздігін ойлады. Дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер түтінді сөндіріп, оның шығу себебін анықтауға кірісті", – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.