Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО-да биыл ит-мысық иелеріне 5,3 млн теңге айыппұл салынған

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2024
  • 343

Солтүстік Қазақстан облысында ветеринарлар ит-мысықты ұстау, серуендету қағидаларын тұрғындар есіне салды. Өткен жарты жылда 191 адам ереже бұзып, оларға 5,3 млн теңгенің айыппұлы салынды, - деп жазды Қазақпарат.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, үйлерінде ит-мысық асырайтын тұрғындардың кейбірі заңмен бекітілген ережеге жүрдім-бардым қарайды. Бұл қағидалар адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкін зиян келтіруден қорғау мақсатында қабылданған.

«Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректеріне сүйенсек, осы жылдың 6 айында 486 адамды ит қапқан. Оның 270 жағдайында жануарлардың иесі болған. Соның ішінде 18 жасқа дейінгі 172 баланы ит қапқан. Балалардың 65-іне қаңғырған иттер шабуылдаған. Яғни көп жағдайда адамдар иесі бар иттерден зардап шеккен. Итке таланғандардың барлығы құтыруға қарсы емдік-профилактикалық вакцинация алған.
Ең басты талап – көшеге итті шығарғанда басына 

Маманның айтуынша, итті тек жеке аулада немесе арнайы бөлінген орындарда ғана бос жіберуге болады.

«Көшеден өткенде және ғимарат алдында байлап қалдыру қажет болғанда, итті серуендетуге тыйым салынған жерлерде қауіп төндірмеу үшін иттің қарғыбауының ұзындығы 1,5 метрден аспауы тиіс.
Иттерді серуендетуге тыйым салатын орындар тиісті белгімен белгіленуі керек.
Елді мекен аумағында иттердің бос жүруіне рұқсат етілмейді. Сондай-ақ мас күйде итті серуендетуге болмайды. Халық шомылатын су айдандарында, субұрқақтарда иттерді түсіруге тыйым салынған», - дейді Аманжол Нұртазин.

СҚО полиция органдарының мәліметінше, осы жылдың 6 айында ит-мысықты асырау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін 191 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға шамамен 5 млн 307 мың теңге сомаға 213 әкімшілік айыппұл салынды.