Русский Сайттың толық нұсқасы

Жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлы 2 миллион теңгеден асқан жүргізуші ұсталды

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2024
  • 313

Алматыда 2 миллион теңге көлеміндегі айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды.

Жол ережесін өрескел бұзушы – Toyota Alphard көлігінің иесі.

«Бұл құқық бұзушылықтар қаланың бейнежүйелері арқылы тіркелген. Көлік айыппұл тұрағына қойылды», - деп хабарлады полиция.

Айта кетерлігі, Алматы полициясы жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көлік құралдарына арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан, көлікті мас күйінде басқарған және төленбеген айыппұлдары бар көлік жүргізушілерін анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізуде.