Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады

Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады. Жарысқа қатысушылар құнан, топ, аламан бәйге және жорға жарысы бойынша бақ сынайды. Жүлдеқоры 24 900 000 теңге. Айта кетейік, шараның өтуіне Бәйге федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігі, Палодар облысының әкімдігі, Ұлттық спорт қауымдастығы мұрындық болды. 

Жомарт САЙБОЛАТОВ, "БӘЙГЕ ФЕДЕРАЦИЯСЫ" РҚБ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазірше біздің федарацияға 10 шақты шетелдік федерациялар өтініш беріп жатыр. Оның ішінде Моңғолия Республикасы, біздің Қырғыз бауырларымыз, өзбек бауырларымыз, тәжік бауырларымыз, әзербайжан бауырларымыз, Ресей Федерациясы қатысайықшы деп өтініш білдіріп жатыр.