Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ақжайық» футбол клубының экс-директоры Оралбай Жақсымбетов қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2024
  • 368

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті, «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК экс-директоры Оралбай Жақсымбетов ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Антикордың хабарлауынша, Оралбай Жақсымбетов 2021-2022 жылдары 57 млн теңгені ұрлап кеткен. Бұл қаражатты БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы Жақсымбетов бақылауындағы «Ақжайық» ФК» ЖШС-не балаларды оқыту қызметтеріне ақы төлеу түрінде аударып жіберген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында «Ақжайық» ЖШС бұрынғы директорының ұсталғанын растайды. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - деп хабарлады агенттік.

Ол спортты дамыту дирекциясын 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың желтоқсанына дейін басқарды.