Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Түркиядан әкелінген 15 мың гүл өртелді

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2024
  • 408

Астана әуежайында батыс гүлді трипсіні жұқтырған гүлдер партиясы анықталды.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

"Астана Халықаралық әуежай" ФББ-де өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектормен карантиндік фитосанитариялық бақылау қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында Түркия елінен әкелінген 30 қорап, 15 000 дана қалампыр гүлдер партиясының батыс гүлді трипсі карантиндік нысанымен залалданғаны анықталды",- делінген ведомство хабарламасында.

Батыс гүл трипсі аса қауіпті вирусқа төзімді келеді. Вирус ауру өсімдіктерден сау өсімдіктерге жеңіл жұғады. Оның белгілері жапырақтың үстінде сары немесе қоңыр дөңгелек пішінді дақтар пайда болады. Өсімдіктерді залалдау үшін трипске ауру өсімдіктен кейін сау өсімдікте 30 минут қоректенуі жетерлік. Бірақ ауру белгілері өсімдіктерде 1-2 апта өткенсоң білінеді.