Русский Сайттың толық нұсқасы

"Өмір көп нәрсеге күліп қарауды үйретті". Жұлдыз Әбдікәрімова ой саларлық жазба жариялады

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2024
  • 431

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде өмірдегі маңызды нәрселер туралы жазба жариялап, оқырмандарына ой салды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Білесіз бе, осы күнге дейін өмір көп нәрсеге күліп қарауды үйретті. Ығы-жығы, ұсақ-түйекке мән бермейтін болдым. Есесіне мен үшін ең маңыздысы балалардың бүгінгі қызығушылығы мен ертеңгі болашағы. Сол үшін төртеуінің де бар қызыққан саласына шамам жеткенше қолдау білдіріп келе жатырмын", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Балаларының болашағына көп мән беретін Жұлдыз Әбдікәрімова соңғы кезде Қазақстандағы университеттермен қатар, шетелдегі жоғары оқу орындары туралы ақпарат іздеп жүргені туралы да жиі айтады.