Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел уәкілдері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ресейлік әріптестерімен бірлесіп, кісі өлтірді деген екі күдіктінің жүрген жерін анықтап, құрықтады, деп хабарлайды Шымкент қаласы ПД-ға сілтеме жасап.
Олар өткен жылдың қыс айында таңғы 5:00 шамасында жасырын түрде бөтеннің үйіне кіріп, жеке жақтырмаушылықтан үш ер адамды битамен және темірмен ұрып-соққан. Олардың бірі алған дене жарақаттарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.
«Қазіргі таңда ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде», - делінген хабарламада.