Соңғы уақытта Атырауда балалардың өліміне байланысты бірнеше қайғылы жағдай болған. Бас прокуратура осыған қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
4 шілдеде Жеңіс саябағында қыз бала дұрыс бекітілмеген бюсттің құлауынан қайтыс болды. Бір аптадан кейін, 10 шілдеде балабақшада бала септикке құлап, төрт күннен кейін қаза болды, 14 шілдеде қалалық орталық бассейнде қыз бала суға батып кетті, ал 26 шілдеде субұрқақта (фонтан) тағы бір қыз бала сорғының (насос) салдарынан қайтыс болды.