Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы маңында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2024
  • 647

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, SHACMAN жүк көлігінің 59 жастағы жүргізушісі «Алматы-Талғар» тасжолымен жүріп келе жатып көлік тізгінін басқара алмай, жол жиегінде тұрған «ЗИЛ» маркалы автокөлікке соғылған. Салдарынан 1964 және 1978 жылы туған жүргізушілер Алматы қаласының ауруханасына жатқызылған. Алайда жүргізушілердің бірі операциядан кейін көз жұмды. Облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.