Русский Сайттың толық нұсқасы

Жері мен ғимаратынан айрылған “ЕР-ТАУ” ЖШС Президенттен көмек сұрайды

Бас қаладағы жері мен ғимаратынан айрылған “ЕР-ТАУ” ЖШС Президенттен көмек сұрайды. Көппәтерлі тұрғын үй кешенін салған компанияның айтуынша инвестиция саламыз деп келген “Нұрлы Жол” ЖШС-мен келісімшартқа отырған. Алайда бұл компания оларды алдап, құрылысы толық бітпеген ғимараттағы пәтерлерді арзан бағада сатып жіберген.

МҰХТАР ЕСЖАНОВ, МЕРДІГЕР КЕҢЕСШІСІ, ЗАҢГЕР:

Бізді түгел тексеріңіздер, ана адамдарды түгел тексеріңіздер, ана жерде отырған дольщиктердің өзі ойдан құралған болуы мүмкін. Бұлар 21-ші жылдан бастап құқық қорғау органдарына да, әкімшілікке де бәріне хабар берген. Президент әкімшілігі тұр. Қаншама бұқаралық ақпарат құралдарына беріп жатырмыз. Біреуінен әрекет болған жоқ. Біреуінен дұрыстап жауап болған жоқ. Бұрында ақпарат құралдары қалай шықты кез-келген мекеме артынша жауап беретін.

Бүгінгі таңда жобаның 35 пайызы аяқталып, орындалған жұмыстың құны жер учаскесімен бірге 4 млрд теңгеге таяу. Зардап шеккен “ЕР-ТАУ” компаниясының өкілдері 3 жылдан бері құзырлы органдарға арыз жазса да нәтиже шықпаған. Рейдерлік әрекеттен күдіктенген жәбірленуші тарап әділдікті Президенттен күтеді.

Мұрат ТАСОВ, “ЕР-ТАУ” ЖСШ ДИРЕКТОРЫ:

Осы жерден біздің рұқсатымызсыз дольщиктерге үй сатқан өздерінің атынан. Ол жайында бізге 2021-дің февраль айының 25-інде белгілі болады, “Крыша” сайтынан көріп қаламыз. Сол кезден бастап тиісті органдарға арызданған болатынбыз. Бірақ осы орайда ешқандай шара қолданбады. Және де осы 1,5 жылдың ішінде бұлар жаңағы “Нұрлы-Жол 2008” компаниясы өз пәтерлерін сатуды тоқтатпаған.