Экономика бойынша халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 250-ден астам оқушы қатысты. Еліміздің намысын қорғаған бес қатысушының барлығы жүлделі атанып, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
Томирис ЫДЫРЫСБАЕВА, IEO-2024 ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:
Гонконгтағы экономикадан халықаралық олимпиадаға жалпы 53 мемлекет қатысты. Олардың жартысы онлайн түрде, ал жартысы Қазақстан сияқты офлайн түрде Гонконгқа барып қатысты. Бизнес-кейстерден де өте керемет көрсеткіш көрсетіп, 53 мемлекеттің ішінен 7-ші орынға ие болдық. Сезімдерім өте керемет. Өзімнің серіктестерімді, топта болған балаларды мақтан тұтамын.