Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР СІМ Қазақстан азаматтарына Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуды ұсынды

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2024
  • 194

 Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстан азаматтарына Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуды ұсынды. 

«Қазіргі уақытта аталған елдерде жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса үйлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі және Израиль мен Ливандағы елшіліктерімен байланыста болуды сұраймыз», - делінген министрлік хабарламасында.

Қосымша ақпарат алу немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда аталған елдерде жүрген Қазақстан азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары төмендегі байланыс нөмірлері арқылы шұғыл байланысқа шыға алады:

ҚР СІМ-нің байланыс нөмірлері:

+7 7172 720111 (кезекші дипломат)

+7 705 4433332 (ұялы телефон, WhatsApp)

Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)

+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)

Қазақстан Республикасының Ливандағы Елшілігінің байланыс нөмірлері:

+ 961 04 713 447 (кезекші)

+ 961 70 069 977 (ұялы телефон, WhatsApp)

+ 961 71 116 004 (ұялы телефон, WhatsApp