Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Париж олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады.
51 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Сәкен Бибосынов ширек финалда өзбекстандық боксшы, олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовпен кездесті. Алғашқы раундтты айқын басымдықпен ұтса да, төрешілердің тек үшеуі ғана жеңісті Сәкенге берді. Ал екінші раундта тіпті жеңісті өзбекстандық боксшыға үш төреші беріп жіберсе, үшінші раундта барлық төреші Хасанбой жеңіске жетті деп тапқан. Сәкен үш раунд бойы қарсыласынан бір бас жоғары деңгейде жұдырықтасса да, төрешілердің құрбаны болып, жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.