Русский Сайттың толық нұсқасы

«Әншілерді 10 миллион теңгеге шақырды»: Шымкентте 200 миллион теңгеге жасалған сүндет той көпшіліктің ашуын туғызды

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2024
  • 378

Әлеуметтік желіде Шымкентте өткен сүндет той көпшіліктің назарын аударды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, блогер Айя Әжібек жеке парақшасына видео жүктеп, сүндет той иесі өзінің құрбысы екенін айтты.

“Шымкенттегі 200 миллион теңгелік сүндет той. Бұл тойдың иесі, менің ең жақын құрбым – Әсел. Әселмен университет оқып жүргенде таныстық. Бір етікті киіп, бір нанды бөліп жегенбіз. Ол туралы бүгін стористе бөлісемін. Туф, мына тойдың атмосферасын видеодан сезіндіңіз бе? Шымкенттің нөмірі бірінші тойханасында осындай атмосфера болды. Әншілердің өзі 10 миллион теңгеге келді. Иә, осындай достарым бар. Ал сіз сүндет тойды осылай дүркіретіп өткізуге қалай қарайсыз?" – деп жазды ол. Одан кейін құрбысына бір бөлмелі пәтер сыйлағанын да айтып өтті.

“Құрбыма тойында 1 бөлмелі пәтер сыйладым. Иә, бұл менің жан құрбым. Одан бөлек бір жасар қызына 1,5 млндық оригинал Cartie браслет. Әсел – мен үшін әлемнің ешбір байлығына жетпейтін қымбат жан. Күйеуіммен ажырасып, өз жұртым маған “кет” деген, “маған келші” деп өзінде паналатқан жан құрбым мен оның отбасы”, – деп жазды блогер. Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлініп, тойды қызу талқылап жатыр. "Біздің де жағдайымыз болды, бірақ Египетке барып, демалып келдік”, Ақша көп болса, тойға емес, жетім-жесірлерді тойдырыңдар, мақтанатындай той емес", "Ысырап. Мұндай ақшам болса да, бұлай жасамас едім", "Керексіз понт", “Ұл баланы сонша көкке көтеріп, 200 миллион теңгеге той жасағаны несі?", "Тойға тойдық. Дарақылық, ғылыммен айналысып жатқан елдерден ұят, шамамыз жарысып той жасаудан аспайды", – деп жазған олар.