Русский Сайттың толық нұсқасы

2-3 балл: Өскеменде жер сілкінді

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2024
  • 333

Өскемен қаласында 2-3 баллдық жер сілкінісі тіркелді, - деп жазды KAZINFORM 

2 шілде күні сағат 23:15–те Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 859 шақырым жерде орналасқан.

Бұл — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауылынан 70 шақырым қашықтықта.

Жерасты дүмпулерді Өскемен қаласының тұрғындары сезді.

Қуаты — 2-3 балл. 

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жер сілкінген кезде құлаған ауыр жиһаздардан сақ болу керек. 

«Балконға жүгірмеңіз, терезелер мен ауыр заттардан алыс тұрыңыз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса ғимараттан шықпаңыз, дүмпулердің аяқталуын күтіңіз. Лифтті пайдаланбаңыз. Егер көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр желіcі жанынан аулақ болыңыз, себебі электр сымдарының үзілу қаупі бар», — делінген ақпаратта.