Бүгін Теміртау қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала 3-қабаттағы пәтердің терезесінен құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ер бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында тұрғындарға ескерту жасады:
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз!
Бала оны өз бетінше аша алмауы үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!
Ешқашан москит торларын қолданбаңыз-балалар оларға сүйеніп құлайды!
Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз!