Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей Ауғанстан есірткісінің көлемді бағыты болып тұр - АҚШ мемлекеттік департаменті

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2017
  • 2397

Ресей Орталық Азия елдерінен танымалданатын ауған есірткісінің негізгі бағыты болып тұр. Бұл жағдай 2011 жылдан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті жасаған "Есірткі айналымын бақылаудың халықаралық стратегиясы" атты баяндамада осы ақпарат көрсетілген.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, Ресей нарығына жыл сайын 70-75 тонна героин енеді. Ал кокаин сияқты басқа да заңсыз есірткі өнімдері Санкт-Петербор мен Қара теңіз портына Оңтүстік Америка және Кариб теңізі бассейнінен келетін көрінеді. Баяндамашылар, Ресейде есірткіге әуес тұрғындар саны шамамен  8,5 млн-ға жетеді, дейді. Статистикаға көз жүгіртсек, 2000 жылдармен салыстырғанда Ресейде нашақорлықтың кесірінен көз жұматын азаматтар 30 пайызға азайған.

Айбек ҚОСАН