Русский Сайттың толық нұсқасы

Робот дәрігер алғаш рет адамның тісін емдеді

  • AstanaTV
  • 04 тамыз 2024
  • 277
Бостонда жасалған робот тіс дәрігері алғаш рет науқасты емдеді. Ол жұмысты адамнан сегіз есе жылдам орындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New Atlas порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жасанды инттелекттегі тіс дәрігерінің бірінші міндеті тісті коронкаға дайындау болды.
Қалыпты жағдайда бұл шамамен екі сағатты алады. Одан бөлек бұл процедура үшін ем алушы дәрігерге екі рет келіп қаралуы қажет. Бірақ робот мұны шамамен 15 минут ішінде жасап бітірді.
Әзірлеушілердің айтуынша, олардың роботы кариесті автоматты түрде шамамен 90% дәлдікпен табады. Ал 3D сканерінің арқасында ауыз қуысының егжей-тегжейлі моделін жасай нақты жасай алады екен.